Тоқаев Астана қаласының атауын Нұрсұлтан деп өзгертуді ұсынды

12:43, 20 наурыз 2019

Бұл туралы Қасым-Жомарт Тоқаев ҚР президентінің ант беру рәсімінде айтты.

“Қазақстан Республикасының тұңғыш преиденті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың есімін мәңгілік ұлықтау үшін, елордамыздың атауы Нұрсұлтан болып өзгертілуі керек”,-деді Тоқаев.

19 наурыз күні Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаев президенттік өкілеттілігін тоқтату туралы республикалық телеарналарда жасаған мәлімдемесінде айтқан еді. Конституцияға сәйкес, Президенттің уақытша міндетін Сенат төрағасы Қасым-Жомарт Тоқаев атқарады.

Источник: 7kun.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!