Тойға жастарды тасыған тікұшақ ұшқышы жұмысынан қуылды

16:33, 18 шілде 2019

Азаматтық авиация комитеті тойға тікұшақпен барған ұшқышты жұмыстан қуды. Оған азаматтық авиациядағы ұшу тәртібін бұзды деген айып тағылды, деп хабарлайды Zakon.kz.

2019 жылы 15 шілдеде әлеуметтік желілерде бір елді-мекенге тікұшақ қонып, одан жаңа үйленген жас жұбайлардың түсіп жатқан видеосы тараған болатын. Тікұшақ қонған өңір – Шу қаласының маңы болуы мүмкін деп болжанды. Ал тексеру № UP-RB006 тіркеу нөміріндегі R-44 тікұшағы «Falcon Avia» ЖШС-ға тиесілі екенін анықтады. Жастар тікұшақты жалдап, тойға осылай жарқ етіп келмекші болған көрінеді.

- Бұл арада ҚР Инвестициялар және даму министрінің 2017 жылғы 28 шілдедегі № 509 бұйрығымен бекітілген ҚР Азаматтық авиациясында ұшу операциялары ережелерінің 423-тармағында көрсетілген нормалар сақталмаған. Бұл факті бойынша Азаматтық авиация комитеті халық қоныстанған елді-мекенге тікұшақты қондырғаны үшін ұшқыш Ф.А. Матвиенконы жұмыстан шеттетті. Сондай-ақ «Falcon Avia» ЖШС-ның ұшуды ұйымдастыру мәселелерін жіті зерттеу үшін, арнайы инспекциялық комиссия құрылды, - деп хабарлады Азаматтық авиация комитетіндегілер.


Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!