Тоғжанов балаларды мектепке дайындау туралы: Бағаның өсуіне жол бермеуіміз керек

12:39, 4 шілде 2022
87

© Сурет: pixabay

Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары Ералы Тоғжановтың төрағалығымен мемлекеттік органдардың тәуекелдерді талдау және болжау қызметін күшейту мәселелері бойынша кеңес өтті, деп хабарлайды Zakon.kz.

Отырысқа орталық мемлекеттік органдар мен Нұр-Сұлтан, Алматы, Шымкент қалаларының және облыстардың әкімдіктері қатысты.

Мемлекеттік органдар мен әкімдіктер алдын ала болжап, оларды шешудің нақты алгоритмін әзірлеуі қажет халықты толғандыратын мәселелер талқыланды.

Кішкентай мәселе де дер кезінде шешілмесе, тұрғындардың наразылығын тудыруы мүмкін. Сондықтан мемлекеттік органдар тәуекелдерді үнемі талдап, оларды жоюға әрқашан дайын болуы керек. Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары Ералы Тоғжанов

Отырыс аясында мемлекеттік органдардың жалақы берешегі, коммуналдық қызметтер тарифтері, әлеуметтік маңызы бар тауарлар мен өнімдердің бағасын реттеу, электр энергиясын өндіру, көмірмен қамтамасыз ету, жанар-жағармай, полигондар және т.б. мәселелерін шешу бойынша есептері тыңдалды.

Отырыс барысында Білім министрлігі мен әкімдіктерге мұғалімдердің жалақысын уақтылы төлеуді қамтамасыз ету, Ауыл шаруашылығы министрлігіне әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарлары бағасының негізсіз өсуіне жол бермеу үшін өндіріс пен тұтыну теңгерімінің нақты болжамын әзірлеу тапсырылды.

Тоғжанов атап өткендей, алда балаларды оқу жылына дайындау маусымы күтіп тұр, бұл үй шаруашылығының шығыстарының өсуімен де қатар жүруі мүмкін. Сондықтан бағаны тұрақтандыру үшін қолданыстағы нарық құралдарының мүмкіндіктерін барынша пайдалану қажет.

Отырыс қорытындысы бойынша барлық мемлекеттік органдар мен облыс әкімдіктерінің алдына мынадай міндеттер қойылды:

  • жалақы бойынша берешектің қалыптасуына жол бермеу;

  • барлық ықтимал тәуекелдерді тұрақты негізде талдау және саладағы проблемалық мәселелерді шешу бойынша қадамдық әрекеттер алгоритмін әзірлеу;

  • проблемалық мәселелер туындаған жағдайда олардың шешімін ерекше бақылауға алу;

  • мемлекеттік органдардың ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын күшейту, әлеуметтік желілерде платформаларды белсенді түрде насихаттау, сондай-ақ тұрғындардың сұрақтарына жүйелі түрде жауап беру.

Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!