Төбелес, өрт. Пенжім ауылында бүлік болды

09:21, 28 қазан 2021
71

© Сурет: Zakon.kz

Алматы облысының Полиция департаменті 27 қазан күні Панфилов аудандық орталық ауруханасына Пенжім ауылындағы мектеп аумағынан 16 жасар жасөспірімнің дене жарақатымен келіп түскенін мәлімдеді, деп хабарлайды Zakon.kz.

Тексеру барысында 9-шы және 10-шы сынып екі оқушының арасында ауызша дау-дамай туып , арты оқушылар арасындағы төбелеске ұласқаны және оның салдарынан жасөспірімнің зардап шеккені белгілі болды. Аталған факті бойынша ҚР ҚК 106-бабының 2-бөлігі негізінде қылмыстық іс тіркелді, жанжалға қатысушылардың барлығы анықталды, делінеді Алматы облысы ПД баспасөз қызметі таратқан хабарламада.

Қазіргі уақытта зардап шегушінің жағдайы тұрақты, оған қажетті медициналық көмек көрсетілді.

Ауыл азаматтарымен аудан әкімі, ақсақалдар және Алматы облысы ПД бастығы тарапынан кездесулер мен түсіндіру жұмыстары жүргізілді. Қазіргі уақытта жағдай тұрақты және бақылауда, делінген хабарда.

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от ТАЛДЫКОРГАНЕЦ (@taldykorganec.insta)


Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!

Пікір