Тістеп алған: Қазақстандық боксшы жанжалдан кейін чемпион атанды
© Фото: zakon.kz
Қазақстан бокс федерациясы 11 желтоқсан күні Чианг Мэйде (Таиланд) өткен Азия чемпионатының ерлер арасында 71 келі салмақ дәрежесіндегі финал бойынша IBA және ASBC ұйымдарына наразылық хат жолдады.
Ресми хабарламада Абылайхан Жүсіпов пен Хавасбек Асадуллаев жекпе жегінде өзбекстандық боксшы тарапынан спорттық ереже өрескел түрде бұзылғаны айтылады. Шаршы алаңдағы төреші Джована Угренович (Сербия) бұл сәтте ешқандай ескерту жасамағаны да сөз етіледі. Ал, Қазақстан тарапында ереже бұзылуына дәлел ретінде фото және видео материалдар да бар.Нәтижесінде IBA және ASBC ұйымдары осы салмақтағы ақтық сынды қайта қарастырып, келесі шешімге келді. 71 келіде Абылайхан Жүсіпов Азия чемпионы деп танылды, ал өзбекстандық боксшы белгілі мерзімге жарыстардан шеттетіледі.
Источник: zakon.kz
Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!
Тағы да оқыңыздар:
-
15:32, 13 желтоқсан 2024
Ақмола облысында жалған банкнотпен жасалған алаяқтық анықталды
-
15:25, 13 желтоқсан 2024
Гукеш Доммараджу Каспаровтың рекордын жаңартты және 18 жасында шахматтан әлем чемпионы атанды
-
15:12, 13 желтоқсан 2024
Тоқаев энергетика саласы қызметкерлерін марапаттау туралы жарлыққа қол қойды
-
15:00, 13 желтоқсан 2024
Өзбекстандық боксшы иығынан тістеп алған Абылайхан Жүсіпов Азия-2024 чемпионы атанды
-
14:49, 13 желтоқсан 2024
Шерзат Полаттың өлімі: Алматы облысының әкімі қазақстандықтарға үндеу жасады