Тік ұшақты басқарған ұшқыштың әріптестері қаза болған әріптестері туралы айтып берді

10:36, 18 қаңтар 2019
730

17-қаңтар Алматыдағы "Алатау" шипажайының аумағына тік ұшақ құлаған болатын. Борты алты адамға арналған әуе кемесінде ұшқыш Валентин Шитов қана болған. Ол ауруханаға барар жолда жан тапсырды. Қайтыс болған 50 жастағы азамат өмірінің жартысын ұшқыш болып өткізген. Ол жеке тапсырыс берушінің жеке тапсырысы бойынша ұшып шыққан екен. Бұл туралы zakon.kz "Евразия" Бірінші арнасы таратқан ақапаратқа сілтеме жасап хабарлайды.

Көлік оқиғаларын және оқыс оқиғаларды тексері департаментімен тергеу жұмыстары басталды. Хабарланып отырғандай, тік ұшақ 2017 жылы Францияда жиналған екен. Оны бір сағатқа жалға алудың құны 590 мың теңге.

Техникаға иелік еткен "Sky Service" авиакомпаниясындағылардың хабарлауынша, ұшақ борты сертификатталған қызмет көрсету орталығында жиі тексерістен өткізіліп тұрыпты. Және ол әр қашан ұшпастан алдын міндетті түрде тексеріліп тұрған көрінеді.

17-қаңтар күні Алматыда тұман түсіп, көріністің нашарлауына байланысты бірнеше рейстер тоқтатылған. Әуе кемесінің апатқа ұшырауына аймақтағы ауа-райы себеп болды ма, ол жағы әзірге белгісіз.

Валентин Шитовтың әріптестері, оны өте тәжірибелі ұшқыш, мейрімді әрі көңілді адам еді деп отыр. Ол Саратов жоғары әскери авиациялық училищесінде оқыған. Өзінің еңбек жолын Атырауда бастап, сосын шекара қызметіне ауысып, ал бес жыл бұрын азаматтық авиацияға оралған екен.

Әріптесі Сталбек Әлімқұлов:


"Мен оны жақсы білетінмін, өзі сондай әзілкеш, ірі жігіт еді, көңілді болатын. Өте тамаша, еңселі, бойы шамамен бірде сексен бес еді. Көңілді, әрқашан күліп жүретін. Сәлемі түзу, айналасындағыларға үнемі жақсылық тілеп жүретін. Сондай қасиетімен адамдарды өзіне баурап алатын. Қазір қиналып отырмын... ".

Әріптесі Валерий Севастьянов

"Ол сияқты адамдарды жоғалту – орны томас қайғы. Валентин қайырымды адам болатын, әрқашан достарына, қызметкерлерге, ұшқыштарға қатты көңіл аударатын. Әрине бүгін мына жаңалықты естігенде, орны толмас қайғының орын алғанын түсіндім, біз үшін, барлық ұшқыштар үшін осындай досты жоғалту – үлкен қасірет. Біздер оның отбасына қайғыра көңіл айтамыз".

Әлеуметтік желілерде жергілікті тұрғындар, қатты шыққан дауысты естігендерін және қалың тұманның болғанын айтты. Олар адамдарды құтқару үшін тік ұшақты адамдар жоқ бағытқа бұрып әкеткен ұшқыш Валентин Шитовты нағыз батыр деп отыр!

Куәгер:

"Ол жерде жедел жәрдем болды. Біздер алғашқыда не болғанын түсінбей қалдық. Бұл аумақтың көптен бері жабық екенін білетінмін".


Telegram арнасындағы маңызды жаңалықтар «zakon.kz». Жазылу!

Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!