Тәжин Ақордада азаматтық мәселелері жөнінде отырыс өткізді

15:20, 22 мамыр 2019

ҚР Мемлекеттік хатшысы Марат Тәжиннің төрағалығымен Қазақстан Республикасының Президенті жанындағы Азаматтық мәселелері жөніндегі комиссияның отырысы өтті, деп хабарлайды Zakon.kz Ақордаға сілтеме жасап.

Отырыста Қазақстан азаматтығын алу және одан шығу мәселелері қаралды. Аталған мәселелер бойынша Президент Әкімшілігі Басшысының орынбасары Әлия Рақышева сөз сөйледі.

Жиын қорытындысы бойынша Мемлекеттік хатшы орталық және жергілікті атқарушы органдарға бірқатар тапсырма берді.


Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!