Тәжікстаннан 24 қазақстандық елге жеткізілді

18:42, 28 наурыз 2020

Біздің азаматтарымызды шет елдерден қайтару жөніндегі шаралар аясында, ҚР Қорғаныс министрлігі мен Сыртқы істер министрлігінің, сондай-ақ Тәжікстанның мемлекеттік органдарының бірлескен күш-жігерімен 28 наурызда осы мемлекеттен біздің отандастарымыз елге шығарылды, деп хабарлайды zakon.kz.

Қазақстанның Әскери-әуе күштерінің әскери-көлік авиациясының қолдауымен 24 ҚР азаматы елге аман-есен шығарылды. Бұл азаматтар Тәжікстан аумағында болған және тәжік билігі қатаң шектеу шараларын енгізгеннен кейін шыға алмай қалған.

Осы борт арқылы Тәжікстанның 23 азаматы өз отанына оралды.


Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!