Тәртіпсіздік кезінде несиеге алынған көлік өртенсе, құны төленеме ме

11:21, 21 қаңтар 2022

© Сурет: Zakon.kz

ҚР Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің өкілі несиеге алынған көліктің бәрі сақтандырылғанын, сондықтан құны төленетінін айтты, деп хабарлайды Zakon.kz.

Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі Тұтынушылардың құқығын қорғау департаментінің директоры Александр Терентьевтің сөзінше, агенттік сақтандыру компанияларымен бірлесіп, сақтандырылған барлық полисті өтеу үшін қажет шараларды қабылдайды.

Біз әр келісімшартты жеке зерттеуіміз керек. Қандай ерекшеліктері бар, төлемді жүзеге асыру үшін қандай негіздер бар, бәрін қараймыз. Сондықтан Агенттік сақтандыру компаниялары арқылы жасалған және сақтандырылған барлық полисті өтеу үшін шаралар қабылдайтынына сендіргіміз келеді. Төлем жасалмаған жағдайда азамат сақтандыру компаниясына, сонымен бірге Агенттікке жүгіне алады.Александр Терентьев

Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!