Терезеден құлаған егіз бала. Дәрігерлер тірі қалған біреуінің жағдайы туралы айтты

14:47, 23 қыркүйек 2021

© Сурет: Pixabay

Атыраулық дәрігерлер терезеден құлаған баланың жағдайы туралы айтты. Ауыр жарақатына қарамастан, нәресте тез сауығып кетті, деп хабарлайды zakon.kz.

Егіз бала анасы жұмыс болғанда, ал әкесі ұйықтап жатқанда терезеден құлаған. Қайғылы оқиға 5 қыркүйекте Береке ықшамауданындағы көпқабатты үйлердің бірінде болды.

Атырау облысы денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметі нәрестенің жағдайы қанағаттанарлық деп бағаланып, 18 қыркүйекте ауруханадан шығарылғанын жеткізді.

Ол сауығып кетті. Өзін жақсы сезінеді. Ауруханада барлық қажетті ем алды, - деп атап өтті департаменттің баспасөз қызметі.

Үшінші қабаттың терезесінен 2020 жылы туған егіз бала құлаған. Пәтердегі терезелерге тор да орнатылмаған. Балалардың бірі қайтыс болды, екіншісі ауруханаға жеткізілді.

9 қыркүйекте Атырау облысының денсаулық сақтау басқармасы нәрестенің бауыры мен бүйрегін ауыртып алғанын, сол қолының сынғанын хабарлады.


Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!