Теңіз кен орнында жұмысшы өз-өзіне қол салды

15:31, 6 шілде 2022
351

Қазақстан. 6 шілде. 7kun.kz – Мердігер компанияның 28 жастағы қызметкері түнгі ауысымға шығып, өзіне-өзі қол жұмсаған. Төтенше жағдай өткен түнде Қазақстанның ең ірі мұнай кен орнында орын алды, деп хабарлайды 7kun.kz.

Марқұм «Сенімді құрылыс» мердігерлік компаниясының 28 жастағы жұмысшысы екені анықталды.

Әріптестері оның мәйітін көріп, жедел жәрдем шақырғанымен, тым кеш болған. Әріптестерінің айтуынша, жігіттің ұжымдағыларымен ешқандай жанжалы болмаған. Атырау облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі жұмысшының өліміне қатысты тергеу басталғанын хабарлады.

Источник: 7kun.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!