Теміртаулық қыз өзіне ескерту жасаған әйелдің быт-шытын шығарды

17:28, 27 шілде 2021
320

© Сурет: pixabay.com

Теміртауда дүкенде шыққан жанжал көшедегі төбелеске ұласты, деп хабарлайды zakon.kz.

Ыңғайсыз оқиға 23 шілдеде болған.

Жәбірленуші, 37 жастағы әйел дүкендегі кезекке байланысты ауызша ескертуінің арты көшедегі төбелеске ұласқанын айтты.

Қылмыс жасаған адам жәбірленушінің денесіне зақым келтіріп, көзілдірігін, ұялы телефонын сындырған. Патрульдік полиция қызметкерлері күдіктіні ұстады. Бұл 24 жастағы теміртаулық болып шықты. Ол өз айыбын мойындады. ҚР Қылмыстық кодексінің 293-бабы, "Бұзақылық" бойынша қылмыстық іс қозғалды.

Қазір тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.


Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!