Теміртауда өзен бетіндегі мұз жарылып, суға түсіп кеткен бала мерт болды

19:41, 13 желтоқсан 2024

© Сурет: pixabay

Теміртауда 13 желтоқсанда 112 шұғыл байланыс желісіне Нұра өзені арқылы өтетін көпір аумағында мұз жарылып, баланың суға түсіп кеткені туралы ақпарат келіп түсті, деп хабарлайды Zakon.kz.

Қарағанды облыстық ТЖД баспасөз қызметі хабарлағандай, оқиға орнына ТЖД құтқарушылары шұғыл келіп жетті.

Жедел іс-шаралар барысында жедел құтқару жасағының күшімен 2018 жылы туған баланың денесі судан шығарылды.

Оқиғаның мән-жайы анықталып жатыр.

Бұған дейін Петропавлда 82 жастағы кейуана өз пәтерінде қамалып қалғанын жазған болатынбыз.

Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!