Теміртауда ер адамды өртеп жібергендер іздестірілуде

11:59, 22 мамыр 2018

Қарағанды облысының Теміртау қаласында ер адамды өртеп жіберген қылмыскерлер іздестіруде, деп хабарлайды Baq.kz ақпарат агенттігі.

Оқиға Теміртау қаласындағы Панфилов көшесіндегі «Валентина» дүкенінің маңында болған. Қарағанды облысының ІІД баспасөз қызметі мәлім еткендей, мәйітті сол маңда тұратын адамдар тауып алған.

«Теміртау қаласында табылған ер адамның мәйітіне қатысты ҚР ҚК «Адам өлтіру» бабы бойынша іс қозғалды, марқұмның жеке басын анықтау шаралары жүргізілуде. Қажетті сараптама тағайындалды. Тергеу жүріп жатыр», - деп жазылған ІІД хабарламасында.

Куәгерлердің айтуынша, соңғы уақытта бірнеше адам осы оқиға болған маңда үнемі жанжалдасып, төбелес шығарып жүрген.


Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!