Теміртауда алиментті қасақана төлемей жүрген екі азаматқа қатысты қылмыстық іс қозғалды
© Фото: Zakon.kz
Теміртау қаласының екі тұрғыны бірнеше жылдан бері алимент төлеуден жалтарып, жалпы қарыздары 5,2 миллион теңгені құраған.
Қала прокуратурасы Қылмыстық кодекстің 139-бабы (балаға алимент төлеу жөніндегі міндеттерді орындамау) бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеруге бастамашылық жасады. Іс материалдары сотқа жіберілді.
Сот екі борышкерге де пробациялық бақылау орната отырып, бір жыл мерзімге бас бостандығын шектеу жазасын тағайындады.
Сонымен қатар, 2024 жылы енгізілген прокурорлық қадағалау актілерінің негізінде Қылмыстық кодекстің 139-бабы бойынша тағы үш қылмыстық іс тіркелді, олар қазіргі уақытта сотқа дейінгі тергеп-тексеру сатысында.
2023 жылдан бері Теміртау қаласында алимент төлемеген 43 азамат Әкімшілік кодекстің 669-бабы бойынша әкімшілік жауапкершілікке тартылды.
Бұл бағыттағы жұмыстар жалғасуда және қала прокуратурасының бақылауында.
Источник: zakon.kz
Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!
Тағы да оқыңыздар:
-
18:02, 27 қыркүйек 2024
Тоқаев бірнеше кәсіпорынды аралап көрді
-
17:46, 27 қыркүйек 2024
Президент Түркістан облысының SPK TURKISTAN өндірістік паркіндегі кәсіпорындармен танысты
-
17:45, 27 қыркүйек 2024
Үстел теннисі: Алан Құрманғалиев WTT Youth Contender турнирінде топ жарды
-
17:29, 27 қыркүйек 2024
Ақтөбеде 119 рет жол ережесін бұзған жүргізуші жауапқа тартылды
-
17:02, 27 қыркүйек 2024
Пәтерді жалға алу арзандады: Қазақстанда тұрғын үйді жалға алу бағасының маусымдық төмендеуі басталды