Текелінің әкімі өз еркімен отставкаға кетті

15:56, 21 қыркүйек 2020
289

Текелі қаласының әкімі өз еркімен жұмыстан кетуге арыз жазды, деп хабарлайды zakon.kz.

"Құрметті Текелі тұрғындары! Мен Қазақстан Республикасының “Мемлекеттік қызмет туралы” Заңына сәйкес, заң үстемдігін құрмет тұтатын азамат ретінде өз еркіммен отставкаға сұранып, өтініш жаздым. Және бүгін облыс әкімі – Амандық Ғаббасұлы отставкамды қабылдады. 2016-жылдың қараша айынан бастап өздеріңіздің қолдауларыңызбен осы уақытқа дейін азды-көпті қызмет атқардым. “Жер Жәнәтті Жетісудың” жауһары болған – Текелі қаласында әкім болып қызмет еткенімді үлкен мәртебе санаймын. Сіздермен бірге қоян-қолтық Текелінің өсіп-өркендеуіне, дамуына қолдан келгенше үлес қостық. Әрине, әлі күнге дейін көптеген мәселелердің түйіні шешілмегені мені де мазалайды. Бір қуантатын жәй – Текелі қаласындағы ең өзекті мәселелердің бірі болған – су мәселесі жартылай шешілді, енді жалғасын таппақ. Екіншісі – экологиялық мәселе, яғни, қорғасын-мырыш зауытының қала ортасындағы жатқан өндірістік қалдығының рекультивациясы жобасы басталды, жылдың соңына дейін аяқталу қажет. Осы төрт жыл ішінде сіздерден қолдау көріп, қаланы көркейтуге бірегей үлес қосқанымыз үшін сіздерге деген алғысым шексіз! Текелі қаласы мен үшін өте ыстық мекен. Келешекте жиі келіп, қаланы көркейтуге өз үлесімді қосуға дайынмын. Текелі қаласы ең дамыған, туристік қаланың біріне айналатынына сенімім мол. Аман-сау болыңыздар! Текелі қаласының әрбір Отбасында бақ-береке болсын!", -деп жазды ол Facebook-тегі парақшасында.


Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!