Текеліде отбасылық жанжал шығарған жігіттің үйінен 6 келі марихуана табылды

11:54, 29 қазан 2020

Полиция бұрын қарақшылық, ұрлық және кісі өлтіргені үшін сотты болған адамды аса ірі мөлшерде есірткі заттарын сақтағаны үшін ұстады, деп хабарлайды zakon.kz Алматы облысы ПД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Текелі қаласының 42 жастағы тұрғынынан тәртіп сақшылары жалпы салмағы 6 кг 114 грамм "марихуана" есірткісін тапты. Аталған дерек ҚР Қылмыстық кодексі 296-бабының 4-бөлігі бойынша тіркелді.

Ағымдағы жылдың 22 қазанында Текелі ҚПБ кезекші пультіне Текелі қаласы пәтерлерінің бірінде отбасылық жанжал орын алғаны туралы хабарлама келіп түсті. Көрсетілген мекенжай бойынша шақыртуға жеткен жедел-тергеу тобы қарақшылық, ұрлық және кісі өлтіргені үшін бес рет сотты болған, жалпы алғанда 30 жыл бас бостандығынан айыру үкімі бар және 2018 жылғы желтоқсанда босап шыққан 42 жастағы жергілікті тұрғын болып табылатын отбасылық жанжал шығарушыға қатысты материалды ресімдеуге кіріскен. Тексеру кезінде тәртіп сақшылары күдіктінің жатын бөлмесінен жеті картон қорапты және ерекше иісі бар жасыл түсті өсімдік тектес заты бар бір пластикалық бидонды тауып, тәркіледі. Тексеруді одан әрі жалғастыру кезінде үйдің ауласынан, қорадан тәртіп сақшылары ақ түсті пластикалық бидонды, табаны металл шыны ыдыс және есірткіге ұқсас зат салынған қорапты тауып, оларды да тәркіледі.

Есірткі, психотроптық заттар мен прекурсорлардың сот сараптамасының қорытындысына сәйкес зерттеуге ұсынылған өсімдік заты кептірілген марихуана екені анықталды. Есірткінің жалпы салмағы 6114 граммды болды. Бұл есірткі заттарының жиынтық кестесіне сәйкес "аса ірі мөлшер"болып табылады. 26 қазанда сот шешімімен сотқа дейінгі тергеу кезеңінде күдікті қамаққа алынды.


Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!