Тегін оқыту, тұрақты жұмыс

19:18, 30 шілде 2021

© Сурет: zakon.kz

Маңғыстау облысы, Жаңаөзен қаласында жұмыссыз қыз-келіншектер жаңа кәсіп үйренуде. Бұрын-соңды ине ұстап көрмеген арулар тегін оқудың арқасында құрақ құрап, тігін тігіп үйреніп жатыр. Онымен қоймай олар оқуларын сәтті аяқтап, алғырлықтарын көрсетсе, тұрақты жұмыс дайын тұр.

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2018 жылғы 13 қарашадағы №764 қаулысына сәйкес, " Нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017-2021 жылдарға арналған "Еңбек" мемлекеттік бағдарламасы жасақталып, Жаңаөзен қаласында да тұрғындардың әлеуметтік-экономикалық әлеуетін арттыру, шағын және орта кәсіпкерлік нысандарының дамуына қолдау жасау, жұмыссыздықты еңсеру бағыттарын-дағы жұмыстар қолға алынғаны белгілі. Аталған бағдарламаның І бағыты – "Қысқа мерзімді кәсіптік оқыту". Ол бойынша "Жаңаөзен қаласы әкімдігінің халықты жұмыспен қамту орталығында" тіркеуде тұрған жұмыссыздарға "тігінші" мамандығын екі ай ішінде оқытып, әрі қарай жұмыспен қамту мәселесін шешуді мақсат еткен "Айша" оқыту орталығы өз жұмысын бастады.

Өзіміздің тігін шеберханамыз бар. Сол шеберханамызға "Нұр Капитал" бағдарламасы бойынша 6 миллион теңге көлемінде 1%-бен несие алып, өзімізге керекті стоноктар алдырған болатынбыз. Соған сай жұмыс көлемі де ұлғайып, жұмысшылар санын да көбейттік. Қазіргі таңда 30 адамды жұмыспен қамтып отырмыз. Әлі де 30 тігінші қажет. Сондықтан жақында осы оқу орталығын ашып, үйде отырған 30 қыз-келіншікті тігіншілікке оқытып жатырмыз. Оқу аяқталған соң өзімізге жұмысқа аламыз. Себебі тапсырыс көп, қазіргі таңда үлгермей жатырмыз. Бұл әдіс біз үшін де, кәсіп үйренушілер үшін де үлкен мүмкіндік болып отыр",- деді "Айша" оқыту орталығының иесі Эльмира Құдайбергенова.

Сұранысқа ие кәсіпті меңгеріп жатқан келіншектер дән риза.

Осы күнге дейін жұмыс жасап көрген жоқпын. Үйде отырған анамын. Жұмыссыз болып тіркеліп, осы орталыққа келдім. Құрақ көрпелерді құрап, үйреніп жатырмыз. Болашақта осы салада жұмыс жасауға мүмкіндік бергеніне қуаныштымын,- дейді Жанат.

Тігіншілікті үйренуші студенттер оқуларын аяқтап болғанша 21 787 теңге көлемінде шәкіртақы алып отырады.


Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!