Тегін келсе де. «Зенит» Исламханды алмай қоятын сияқты

10:11, 27 қаңтар 2020
383

Қазақ футболшысы Бауыржан Исламханның Санкт-Петербургтің "Зениті" сапында қалуы екіталай екен. Мұндай пікірді Катардағы жиын барысында австриялық "Ред Булл Зальцбургке" қарсы өткен жолдастық кездесу қорытындысы бойынша ресейлік журналист және телекомментатор Геннадий Орлов білдіреді.

Бұл туралы ол қазақстандық Sports.kz интернет-порталына айтыпты.

Қазақстандық жартылай қорғаушы алаңға алғашқы минуттан бастап шықты, бірақ 61-ші минутта ауыстырылды. "Зенит" 3:6 есебімен ұтылды.

— Меніңше, Исламхан футбол ойынына басқаша қарайды. Еуропалық футбол қазақша футбол емес, деңгейі өте жоғары. Исламхан допты бір түртіп ойнай алмайды, тоқтатып, сылап-сипаумен көп жүреді. Иә, техникасы бар. Бірақ кешегі ойында көңілден шықпады — бірде алдасамын деп доптан айырылды, оның соңы қарсыластардың голына әкеле жаздады. Жасы да 27-ке келіп қалды, клубтағы ойыншылармен бәсекелес бола алатыны күмәнді.


— Мүмкін, нервісі шыдамай, толқып қалған шығар?

— Мәселе онда емес. Ол допқа екі-үш рет тиеді. Бір-ақ рет тию керек! Бір тиіп ойнауға құлық жоқ онда. Мықты ойыншының деңгейі – бір тиіп ойнау. Неге? Сонда қорғаушылар допқа жетіп үлгермейді. Жылдам ойлау керек. Жалпы, футболда жылдамдық шешеді: допқа тимей жатып шешім қабылдау керек. Ал ол қайтеді? Допты алады, не істейтінін сосын барып шешеді. Бұл енді футбол сауатында ашылмай қалған тұсы шығар. Анау "Челси", "Барселонаның" ойынын көреміз ғой, бәрі жылдам қимылдайды, әрі допты бір түртіп қана пас береді

Жалпы, Исламхан дарынды ойыншы, бірақ ол Ресейге 20-22 жасында келуі керек еді. Қазір жасы 27-де, омыртқасы қатып кетті, ең бастысы – футбол туралы өзінше көзқарасы әбден қалыптасып алды. Оны қайта үйрету мүмкін емес. Ал мына ойыны – жоғары деңгейге жарамайды.

—Бактиер Зайнутдинов жақсы ойнап жүр ғой?

— Ол ойыншыны білемін. Ол Исламханға қарағанда әлдеқайда жас қой, Ресейге дер кезінде келді ол. Оған да әлі көп нәрсені үйрену керек. Бірақ ол жақсы бапкерге, жақсы ойыншылардың арасына тап болды, оған Валерий Карпин де көп сенім артады. Шыны керек, Бактиер Зайнутдинов Исламханға қарағанда мықты. Бұл рас.

— Неге?

— Бактиер Зайнутдинов жылдам ойнай алады, жылдам ойлай алады. Ол допқа жетпей жатып шешім қабылдай алады. Оның тәуір соққысы да бар. Ал Исламхан допты алып, алдасып жүргенге құмар. Еуропалық емес, бразилиялық футболға жақын ол. Иә, бразилиялықтар да допты ұзақ ұстайды, бірақ олардың техникасы да, деңгейі де басқа ғой. Олардың пастары қандай? Исламхан өйте алмайды, өкінішке қарай.


Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!