Таяу күндері ұзақ мерзімді жылы ауа райы бұзылады

13:56, 12 сәуір 2019
257

"Қазгидромет" РМК 13-15 сәуірге арналған ауа-райы болжамын жариялады, деп хабарлайды Zakon.kz.

Республикамыздың солтүстігінде бір аптаға жуық жауын-шашынсыз және жылы ауа-райымен байланысты болған антициклон құлдырайды. Оның орнына Орал аймағынан суық арктикалық фронттардың келуімен, жауын-шашын, жаңбыр, жылбысқы қар, ауа температурасының төмендеуі күтіледі.

Демалыс күндері оңтүстік, оңтүстік-шығыс және шығыс аймақтарда қысқа мерзімге жауын-шашынсыз, жылы ауа райы күтіледі. Бірақ дүйсенбі күні бұл аймақтарда да өткінші жаңбыр, найзағай және екпінді жел күтіледі.


Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!