Тараздық полицейлер иіс тиген екі адамды құтқарып қалды

09:52, 19 ақпан 2019

Таразда полияция қызметкерлері ерлі-зайыпты екі тұрғынды өлім аузынан аман алып қалды, деп хабарлайды Zakon.kz "Хабар 24" арнасы таратқан ақпаратқа сілтеме жасап.

Оқиға Шөлдала алқабындағы тұрғын үйлердің бірінде болған. 50 және 52 жастағы тұрғындар көмірмен жылытылатын пештен шыққан улы газға уланып қалған. Шақыртуға жол-патрульдік полиция қызметкерлері жетіп, жедел түрде үй иелерін терезе арқылы алып шыққан. Абырой болғанда екеуі де дін аман.

"Санаулы минуттарға кешіккенде, қос тұрғын бақилық болар еді", – дейді тәртіп сақшылары.

Зардап шеккендердің екеуі де ауруханаға жеткізіліп, медициналық жәрдем көрсетілді.

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Тараздық полицейлер иіс тиген екі адамды құтқарып қалды Таразда полицейлер ерлі-зайыпты екі тұрғынды өлім аузынан аман алып қалды. Оқиға Шөлдала алқабындағы тұрғын үйлердің бірінде болған. 50 және 52 жастағы тұрғындар көмірмен жылытылатын пештен шыққан улы газға уланып қалған. Шақыртуға Тараз қ. Жол-патрульдік полиция батальонының инспекторлары Айдын Боранбаев, Дамир Нысанбаев және Жылдам қимылдайтын арнайы жасақ инспекторы Айдар Айманбетовтер жетіп, жедел түрде үй иелерін терезе арқылы алып шыққан. Абырой болғанда екеуі де дін аман. «Санаулы минуттарға кешіккенде, қос тұрғын бақилық болар еді», – дейді тәртіп сақшылары. Зардап шеккендердің екеуі де ауруханаға жеткізіліп, медициналық жәрдем көрсетілді. «24 КZ» @dudoser @qazaqstanda @kazprecc @kaztrk_kz @omks_video @ztb_kz @tengrinewskz @mvd.kaz @zellotaraz @taraz_life @tarazlive.kz @zhiza_kz @instavideo_kz @ote_kizik @tvkhabar24 @taraz_today @onlinetaraz @vtvs_taraz @news_taraz @kazinform @kaznews @kazakh_inform @news24.kz @today_kz @jambyltv @mediaovd.kz @kaz.media #ҚРІІМ #МВДРК #police #policekz #mvd #mvdrk #полиция #казахстанскаяполиция #овдрк #двд #настраже #полицияkz #ДП #караганда #актау #астана #алматы #like4like #kazakhstan #шымкент #алматы #астана #новости #followme #follow #шымкент #тараз

Публикация от WhatsApp: 87717747477 (@zhambyl_police) 18 Фев 2019 в 6:41 PST


Telegram арнасындағы маңызды жаңалықтар «zakon.kz». Жазылу!

Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!