Таразды қалпына келтіру жұмыстары қалай жүріп жатыр?

16:19, 18 қараша 2021

© Сурет: Media Taraz

17 қарашада Таразда қатты жел соқты, деп хабарлайды Zakon.kz.

Қалада көше жарығының 10 бағанасы қалпына келтірілді, тағы сегізі қалды. Алты тұрғын үй алабы әлі электр желісіне қосылмаған, 6410 абонент бар. Төрт қазандық қосылған, электр қуатының жоқтығынан бір қазандық қосылмаған. Газбен 152 абонент жабдықталған, қалғаны – 74. 16 бағдаршам орнатылды, 17-і қалды. Барлық 12 аялдама қалпына келтірілді.

Құлаған 27 ағаштың қалдықтары алынып тасталды, 18-і қалды.

Қала аумағында 19 мектеп оффлайн, 41 мектеп онлайн режимде оқытылуда.45 балабақшаның 41-і оффлайн,4-і онлайн жұмыс жасауда.

Шығындар бойынша есептеулер жүргізілуде.

Барлық коммуналық кәсіпорындар мен мекемелер күшейтілген режимде жұмыс жасауда. Қалпына келтіру жұмыстары жалғасуда.

Бақытжан Отарбаева


Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!