Тараздағы үйде болған жарылыстан жапа шеккен тағы бір адам көз жұмды

17:33, 15 наурыз 2019
342

Тараздағы үйде болған жарылыстан жапа шеккен тағы бір адам көз жұмды, деп хабарлайды Zakon.kz Жамбыл облыстық Денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Басқарма таратқан ақпаратқа сүйенсек, Тараздың 64 жастағы тұрғыны 27 ақпан күні көп қабатты тұрғын үйде болған жарылыстан соң жапа шегіп ауруханаға түскен болатын.

- Науқас газ плитасын қоспақ болған мезетте газды-ауа қоспасының жалынына күйіп қалған. Ол бұған қоса атмосфералық жарақат алады. Бірақ есін жоғалтпаған. Жарылыс толқынынан ғимарат опырылып кеткен,- делінген хабарламада.

Айта кеткен жөн, 27 ақпан мен 14 наурыз күндері аралығында жансақтау бөлімшесінде шокқа қарсы кешенді терапия жүргізілген.

- Көрсетілген барлық ем-шараларға қарамастан 14 наурыз күні кешке науқастың жағдайы нашарлап кетті. Сағат 23:20 ол қайтыс болды, - деп түйіндеді ведомство өкілдері.

27 ақпан күні таң сәресінде Тараздағы бес қабатты тұрғын үйде жарылыс орын алды. Жарылыстың эпицентрі болып екінші қабаттағы пәтер тіркеледі. Салдарынан бірінші қабат пен үшін қабат аралығындағы жабындылар опырылып кеткен. Алдын ала болжам бойынша, жарылысқа газ құрылғысын пайдалануда сақтық ережелерін сақтамау себеп болған. Нұрсұлтан Назарбаев жапа шеккендердің отбасыларына көңіл айтты.


Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!