Тараздағы полиция ғимаратында граната жарылды

15:44, 26 қаңтар 2022
191

© Сурет: pixabay

Тараздағы полиция ғимаратындағы тазалау жұмыстары кезінде шулы жарық гранатасы жұмысшының қолында жарылды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Осы күндері полиция басқармасы ғимараты айналасында тазалау жұмыстары жүргізіліп жатыр. 4-6 қаңтардағы жаппай тәртіпсіздіктер кезінде ғимарат қатты зақымданған. Оны қалпына келтіруге мердігер компания тартылды. Осы мекеменің жұмысшысы шулы жарық гранатасын тауып алған.

Ол қауіпсіздік ережелерің сақтамаған. Граната жарылып, бірнеше саусағын жұлып кеткен. Жұмыскер шұғыл Тараз қаласы ауруханасына жеткізілді. Тараз қалалық полиция департаменті

Ведомствоның мәліметінше, ғимаратты қалпына келтіру жұмыстары басталмас бұрын мердігер компаниялар мен қызметкерлерге қару-жарақ, оқ-дәрі және арнайы құралдар табылған бойда кезекші полицейлерге хабар беру қажеттігі туралы ескертілген.

Қазіргі кезде Қылмыстық кодекстің 156-бабы, 2-бөлігі (Еңбектi қорғау қағидаларын бұзу) бойынша тергеу шаралары басталды. Оған сәйкес, белгiлi бiр лауазымдарды атқару немесе белгiлi бiр қызметпен айналысу құқығынан үш жылға дейiнгi мерзiмге айыра отырып, 200 АЕК-ке (612 600 теңге) дейiнгi мөлшерде айыппұл салу не сол мөлшерде түзеу жұмыстары немесе 200 сағатқа дейiнгi мерзiмге қоғамдық жұмыстарға тарту не 50 тәулікке дейінгі мерзімге қамауға алу жазасы қарастырылған.

Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!