Таразда тоғызқұмалақтан жасөспірімдер мен жастар арасында ел чемпионаты өтіп жатыр

19:33, 20 наурыз 2023

© Фото: zakon.kz

Әз-Наурыз мерекесіне орай Тараз қаласында тоғызқұмалақтан жасөспірімдер мен жастар арасындағы Қазақстан Республикасының чемпионатының ашылуы өтті, деп хабарлайды Zakon.kz.

20-27 наурыз аралығында өтетін чемпионатқа 17 облыс және Астана, Алматы, Шымкент қалаларынан барлығы 20 құрама команда қатысып жатыр.

Бұл күні чемпионаттың классика түрінен 350 ойыншы бақ сына жатса, рапид және блиц түрлерінен тағы 50-ге жуық спортшы жарысқа түспек.

Шараның салтанатты ашылуында Жамбыл облысы әкімінің орынбасары Еркін Үйсімбаев, Дүниежүзілік тоғызқұмалақ  қауымдастығының  вице-президенті Батырбек Құлекеев, спорт басқармасының басшысы Арман Ташметов, тоғызқұмалақтан ҚР мемлекеттік жаттықтырушы Дәулет Әбдікәрімов сөз сөйлеп, тоғызқұмалақ ойынының маңызын айтты.

Чемпионаттың бас төрешісі ретінде жоғары ұлттық дәрежедегі төреші Ербол Нұрханов қызмет етіп жатыр.

Айта кетейік, жарысқа Жамбыл облысынан 36 спортшы қатысып, аймақ намысын қорғап жатыр.

Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!