Таразда мектепте қорланған оқушы ауруханаға жатқызылып, желіде сыбыс тарады

10:15, 20 қараша 2019

Тараздағы мектеп әжетханасында қасқөйден қорлық көрген оқушы ауруханаға жатқызылды. Ел арасында күдіктіден инфекциялық ауру жұқты деген сыбыс тарады. Мұны облыстық денсаулық басқармасы жоққа шығарды, деп хабарлайды Zakon.kz Астана телеарнасына сілтеме жасап.

Азғыннан азап шеккен 6-шы мектеп оқушысы бұған дейін үй жағдайында емделген еді. Жеткіншек бүгін ауруханаға жатқызылды. Ал, әлеуметтік желілерде оған азғындық жасаған азаматтан тері ауруы жұқты деген ақпаратты денсаулық басқармасы жоққа шығарды.

Жібек ИСАЕВА, ЖАМБЫЛ ОБЛЫСТЫҚ ДЕНСАУЛЫҚ САҚТАУ БАСҚАРМАСЫ БАСШЫСЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ:

- Жамбыл облыстық балалар ауруханасында 10 күндей жатады. Жағдайы қазір жақсы және бірқалыпты. Ал, оған азғындық жасаған адамнан ауру жұқты деген ақпарат шындыққа жанаспайды.

Айта кетсек, осы оқиғадан кейін басы дауға қалған мектеп директорынан бастап 5 мұғалім қызметімен қош айтысты. №6 мектептің директоры өз еркімен жұмыстан кетуге арыз жазыпты.

Қаршадай қызға қорлық көрсеткен қаскөй енді 30 жылға жуық өмірін темір торда өткізуі мүмкін. Аймақтың бас полицейі солай деді. Ал, бүгіннен бастап білім ошақтарында қауіпсіздік қатаң режимге көшірілді. Ал азғындық жасады деп айыпталған азамат 36 жаста болып шықты. Ол бұрын да зорлық және ұрлық әрекеттері үшін сотты болған.


Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!