Таразда көппәтерлі тұрғын үйлерге ыстық су беріле бастады

20:57, 12 қыркүйек 2019
513

"Таразэнергоорталығы" АҚ-на қарасты РК-4 магистралі бойынша ыстық су берілуін қамтамасыз ету қазандығы іске қосылған. Магистральдің су-құбыр жүйелері ыстық сумен толтырылуда, деп хабарлайды Zakon.kz.

Айта кету керек, биыл қалада ыстық су тарату жұмыстары жылдағы жоспардан бір ай ерте жүргізілуде. Тараз қаласы бойынша ыстық су алатын тұтынушылардың жалпы саны 610 көп пәтерлі тұрғын үйді құрайды.

- Облыс әкімінің ағымдағы жылдың 7 тамызындағы №86 хаттамалық тапсырмасына сәйкес Тараз қаласының тұтынушыларын 11 қыркүйектен бастап ыстық сумен қамтамасыз ету жұмыстары басталды. "Тонкуруш", "Сәтпаев", "Телецентр" массивтерін және қала орталығының біршама бөлігіне ыстық су 1 қазанға қарай жөндеу жұмыстары аяқталғаннан кейін беріледі, - дейді облыс әкімдігі энергетика және тұрғын үй коммуналдық шаруашылық басқармасының жылу-энергетика бөлімінің басшысы.

Сондай-ақ, оның айтуынша қала тұтынушыларын ыстық сумен қамтамасыз ету, жылыту маусымына дейін үздіксіз жүзеге асырылмақ.


Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!