Таразда Елтаңба мен көк туымыздың құрметіне авто-мото-велошеру өтті

14:17, 4 маусым 2020

Тәуелсіз Қазақстанның мемлекеттік рәміздері осыдан 28 жыл бұрын, 4 маусым күні бекітілген болатын. Содан бері аталмыш датаны барша қазақстандықтар айтулы мереке ретінде атап өтіп келеді, деп хабарлайды zakon.kz.

Бүгін Қазақстан Республикасының Мемлекеттік рәміздері күніне орай Тараз қаласында "Жастар" аллеясындағы "Сахна" алаңшасынан Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті саябағына дейін "Елтаңбам – елдігім, көк туым – теңдігім!" атты патриоттық акция аясында авто-мото-велошеру, ұйымдастырылды.

Сондай-ақ, "Қасиетті көк байрағы елімнің!" атты акциясы аясында көпқабатты тұрғын үйлердің қасбеттеріне Мемлекеттік Ту ілінді.

Мемлекеттік Ту, Мемлекеттік Елтаңба және Мемлекеттік Әнұран. Мемлекеттік үш нышанды таңдау үшін 1992 жылдың басында Жоғарғы Кеңес президиумы жұмыс тобын құрып, арнайы шығармашылық комиссия тағайындады. Оның құрамына Салық Зиманов, Ербол Шәймерденов, Серікболсын Әбділдин, Серік Әбдрахманов және т.б. қайраткерлер кірді. Осыдан кейін бүкіл Қазақстан көлемінде Елтаңба, Ту, Әнұран нұсқаларына конкурс жарияланды. Бір ғана тудың өзіне 600 адамнан 1 200 нұсқа түссе, Елтаңбаның 245 жобасы, әнұранның 750 үлгісі байқауға қатысты.


Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!