Таразда ауыл шаруашылығы жәрмеңкесі өтті

20:53, 21 қазан 2017

Таразда ауыл шаруашылығы жәрмеңкесі өтті.

Орталық Достық алаңына 10 ауданнан келген өнімдер шығарылды. Тұрғындарға жалпы құны 53 миллион теңге тұратын 120 тонна азық ұсынылды. Тауарлардың барлығы нарықтағыдан 15-20 пайызға төмен бағамен сатылды. Ал соңғы кездері құны шарықтап кеткен картоп 80 теңгеден саудаланды. Жұртшылық шаруалар әкелген 20 тонна картопы бір сағаттың ішінде сатып алып кетті. Жергілікті сұранысты қамтамасыз ету үшін дүйсенбіден бастап бұл дақыл коммуналдық дүңгіршіктерде осы бағамен сатыла бастайды. Ұйымдастырушылар мұндай жәрмеңкелердің жергілікті шаруаларға өз тауарларын делдалсыз сатуға мүмкіндік беретіндігін айтады.

Амангелді Байбосынов, қала тұрғыны: 

– Осындай жәрмеңке жақсы болып тұрса, халықтың жағдайы да жақсарады. Барлығын осы Жамбыл облысының тұрғындарын осындай ауылшаруашылық базарына шақырамын. Өзім картоп, пияз барлығын алып алдым. Айырмашылығы екі есе, 10-5 пайызға арзан.

Мәден Мұсаев, облыс әкімінің орынбасары: 

– Сауда-сатып алу компанияларынан Тараз қазір 500 тонна картопты алып қойған. 500 тонна картоп тағы аламыз. 500 тоннаға жуық пияз аламыз. Сатып алып қойған мың тоннаға жуық қантымыз бар. Мұның бәрі баға аяқ астынан түсініксіз жағдайда көтерілген жағдайда халыққа сауда орындары арқылы, осындай жәрмеңке арқылы сұранысты түгел қамтамасыз етуге тырысамыз.

Источник: khabar.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!