Танымал продюсер Алпамыс Шәрімов шаңырақ көтерді

11:27, 17 тамыз 2018

Биылғы жылы Голливудты қазақ домбырасының күмбірімен тәнті етіп, жүлдені қанжығасына байлаған «Бастау» тобының продюсері Алпамыс Шәрімов шаңырақ көтерді. Күні кеше дүркіретіп тойын өткізген жігіттің серісі соңғы сәтке дейін отау құратынын жасырып келген, деп хабарлайды Stan.kz.

Алпамыс Шәрімов үйлену тойын Орал қаласының төрінде дүркіретіп өткізді.

Танымал продюсердің таңдауы атыраулық Мөлдір есімді аруға түскен.

Шәрімов Instagram-парақшасында қалыңдығымен түскен суретін жариялап, “Иә, солай”, – деп жазған.

Жас жұбайлардың тойына эстрада жұлдыздары да келіп, қуанышына ортақтасты. Олардың ішінде әнші Гүнұр Оразымбетова, Ерке Есмахан, Серік Ибрагимов, «Бастау» тобы, тележүргізуші Жанар Байсемізова бар.

Алайда әйгілі әнші Димаш Құдайберген бала күннен досы Алпамыстың қуанышынан табылмады. Тіпті, желідегі парақшасында да досын атаулы күнімен құттықтамаған.

Ал Алпамыстың желідегі оқырмандары оны шаңырақ көтеріп, отағасы атанған күнімен құттықтап, ақ жарма тілектерін жаудырып жатыр. Белгілісі, қазіргі уақытта Димаш Қытайда жүр.


Telegram арнасындағы маңызды жаңалықтар «zakon.kz». Жазылу!

Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!