Танымал қазақ жігіттері Төреғалиге көз тигенін айтты

11:55, 30 қазан 2018
507

Басы даудан арылмаған Төреғалиді өнердегі ағалары қолдайды. Мәселен, Тоқтар Серіков кезінде Мейрамбек екеуінің талай мәрте тентектік жасағанын айтады. Алайда әлеуметтік желі аса дамымағандықтан, халық көбін білмей қалды, дейді өнер иесі. Бұл туралы Stan.kz ақпараттық агенттігі “Алматы” арнасының “Әңгіме болсын” бағдарламасына сілтеп хабарлайды.

“Бірдеңе болса, осының даусы шығып кетеді. Осы жүрген жерде, айқай-шу шығып жатады. Бізден де қателік кеткен жерлер болды. Сол кезде желіде көп тарамай қалды. Телефондар аса қатты дамымаған кез, сондықтан біздікі білінбей қалған шығар. Шама жетсе, Төреғалидің қателігін кешіру керек”, – дейді Тоқтар Серіков.

Мақсат Базарбаев әріптесінің пікірімен келіседі. Айтуынша, халық Төрештің теріс қылықтарын бағалаумен әлек боп, жақсы қасиеттерін көрмей қалады.

“Тұзы жеңіл бала. Өнерлі десе өнерлі. Ақындығы да бар. Көз тиген ғой. Халықтың көзі тиеді. Әртүрлі нәрсе болады. Біз өзі біреу көтеріліп бара жатса болды, аяғынан тарта береміз. Неге оны басқа қырынан көрмейміз? Жақсы жақтары да бар ғой ол баланың”, – дейді Мақсат Базарбаев.


Telegram арнасындағы маңызды жаңалықтар «zakon.kz». Жазылу!

Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!