Танымал қазақ ақыны дүниеден озды

15:47, 20 қыркүйек 2021

© Сурет: видеодан алынды

Белгілі қазақ ақыны, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Рафаэль Ниязбек дүниеден озды, деп хабарлайды zakon.kz.

Қайғылы хабарды марқұмның ұзақ жылдар мүше болып келген Қазақстан Жазушылар одағы растады.

Рафаэль Ниязбек 1943 жылы 24 наурызда Жамбыл облысы, Талас ауданы, Тамабек ауылында дүниеге келген. 1978 жылы Қазақ мемлекеттік университетінің филология факультетін бітірген.

Рафаэль Ниязбек - Қазақстан Жазушылар одағының Ілияс Жансүгірова атындағы сыйлығының лауреаты, Шешенстан Республикасының "Ұлт намысы" жоғары мемлекеттік орденінің иегері, Шешенстан Республикасы Мемлекеттік сыйлығының лауреаты,Бауыржан Момышұлының 90 жылдығына арналған республикалық поэзия байқауының Гран-при иегері.


Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!