Танымал брендтердің аяқ киімін қолдан жасайтын пысық ұсталды

12:47, 25 мамыр 2020
492

ҚР ҚМ Қаржы мониторингі комитетінің Алматы облысы бойынша Экономикалық тергеу департаментінің қызметкерлері "Adidas", "Nike" және "Reebok" тауарлық белгілерін заңсыз пайдалану фактілерін анықтады, деп хабарлайды zakon.kz ҚР ҚМ ҚМК баспасөз қызметіне сілтема жасап.

1982 жылғы Қазақстан Республикасының азаматы жалған спорт аяқ киімдерін қолдан жасаған, сол арқылы "Аdidas AG" (Германия) и "Аdidas International Marketing BV" (Нидерланды) компанияларын 19 млн теңге сомасына залал келтірген.

Тінту барысында қоймада танымал компаниялардың түпнұсқалық үлгілеріне сәйкес келмейтін 800 жұп спорт аяқ киімі анықталып, тәркіленді.

Аталған факт бойынша ҚР ҚК 222-б. 1-б. бойынша қылмыстық іс қозғалды.


Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!