Талғат Жақан президент Іс басқарушысының орынбасары лауазымынан босатылды

16:10, 30 қыркүйек 2022

© Сурет: umto.kz

Мемлекет басшысының өкімімен Талғат Жақан қызметінен босатылды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Бұл туралы Ақорда хабарлады.

Мемлекет басшысының өкімімен Талғат Амангелдіұлы Жақан Қазақстан Республикасы Президенті Іс басқарушысының орынбасары лауазымынан босатылды, - делінген хабарламада.

Талғат Жақан 1965 жылы 7 қаңтарда Алматыда дүниеге келген. 1987 жылы Алматы халық шаруашылығы институтын экономист мамандығы бойынша бітірген. 2018 жылы Ресей Федерациясы Сыртқы істер министрлігінің Дипломатиялық академиясын бітірген, экономика магистрі.

  • 2007 жылдың қазанынан 2010 жылға дейін – Парламент Сенаты аппарат жетекшісінің орынбасары;

  • 2010 жылдан 2012 жылдың ақпанына дейін – Премьер-министр кеңсесінің Макроэкономикалық талдау және бағдарламалар мониторингі бөлімінің меңгерушісі;

  • 2012 жылдың наурызынан қазанына дейін – премьер-министрдің кеңесшісі;

  • 2012 жылдың қазанынан 2014 жылдың шілдесіне дейін – Президент әкімшілігінің мемлекеттік бақылау және ұйымдастыру-аумақтық жұмыстар бөлімінің мемлекеттік инспекторы;

  • 2014 жылдың шілдесінен 2016 жылдың қыркүйегіне дейін – ТМД Атқару комитетінің қаржы департаментінің директоры (Мәскеу);

  • 2016 жылдың 16 қыркүйегінен 2021 жылдың қыркүйегіне дейін – республикалық бюджеттің атқарылуын бақылау жөніндегі есеп комитетінің мүшесі.

  • 2021-2022 жылдар аралығында ҚР президенті Әкімшілігінің жанындағы «Материалдық-техникалық қамтамасыз ету бөлімі» мемлекеттік мекемесінің басшысы болды.

  • 2022 жылы ҚР президенті Әкімшілігі Басшысының орынбасары болып жұмыс істеді.

Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!