Талғат Қалиев ОКҚ директоры қызметінен босатылды

17:29, 19 мамыр 2020

Талғат Қалиев ОКҚ директоры қызметінен босатылды, деп хабарлайды zakon.kz.

"Мемлекет басшысының өкімімен Талғат Бегімұлы Қалиев Қазақстан Республикасының Президенті жанындағы "Орталық коммуникациялар қызметі" республикалық мемлекеттік мекемесінің директоры қызметінен босатылды", делінген Ақорда жариялаған хабарламада.

Ол бұл қызметте 2019 жылдың шілдесінен бастап болды.

Орталық коммуникациялар қызметінің жаңа директоры Руслан Әлішев болды.


Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!