Талғарда әйел адам көлік астына түсіп ажал құшты

09:58, 27 мамыр 2019
382

26 мамыр, жексенбі күні кешқұрым, Алматы облысының Талғар қаласында әйел адамды көлік қағып өлтірді, деп хабарлайды Zakon.kz.

ЖКО Қонаев пен Попов көшелерінің қиылысында орын алды. Lada 2114 автокөлігінің жүргізушісі өзінің Қонаев көшесімен шығыс бағытта кетіп бара жатқанын айтып берді. Кенет, оның алдына, жол ортасына әйел адам жүгіріп шыға келіпті. Ол дереу тежегішке басқан, бірақ қақтығыстан қашып құтыла алмайды. Жол ережесін бұзған әйел көліктің капотына құлап, алдыңғы терезеге басымен соғылыпты. Жеңіл көліктің жүргізушісі тежегішке басқан күйі оны 20 метрден астам жерге дейін сүйреп апарып, артынша жол ортасында көлденеңнен тұрып қалған.

Алған жарақаттардың нәтижесінде ол оқиға орнында қаза тапты.

Куәгерлердің айтуынша, жол апаты болмастан алдын жол шетіне бір көлік келіп тоқтаған. Одан түскен әйел адам жолды рұқсат етілмеген жерден, жаяу жүргіншілер жолағына небәрі 20 метр жетпей кесіп өткен. Артынан белгілі болғандай, әйел адам түскен көліктің тізгінінде оның күйеуі отырған. Қайғылы жағдай оның көзін алдында орын алды.


Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!