Талғар ауданында 30 жастағы тұрғын ауылдасының қымбат тауығын ұрлады

00:04, 27 қаңтар 2021
216

Талғар ауданының полиция басқармасына хабарласқан Кеңдала ауылының тұрғыны қорасынан белгісіз біреудің 1 тауықты ұрлап кеткенін айтқан. Күдіктілер зардап шегушіге 12 000 теңге материалдық шығын әкелгені белгілі болды, деп хабарлайды zakon.kz Алматы облысы ПД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Аталған дерек бойынша ҚР Қылмыстық кодексінің 188-бабына сәйкес сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде. Қылмысқа қатысы бар деген күдікпен сол ауылда тұратын 30 жастағы тұрғын ұсталды. Ол тергеу барысында қылмысын мойындады және қолды болған тауықты иесіне қайтарып берді, - деді Талғар ауданы Полиция басқармасы бастығының орынбасары полиция подполковнигі Нұржан Күнтүнов.

Тәртіп сақшылары күдіктінің осыған ұқсас өзге де қылмыстарға қатыстылығын тексеруде. Қазір ол мекенжайын өзгертпеу туралы міндеттемемен босатылды. Сотқа дейінгі тергеу амалдары кезінде полицейлер ауыл тұрғынының неге қылмысқа барғанын анықтайтын болады.


Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!