Талдықорғандықтар бір тәулік бойы домбыра шертті

21:12, 22 сәуір 2017

«Домбыра party-non stop» жобасы – Қазақстан аумағында алғаш рет қолға алынған шара. Ұлттық нақышта безендірілген қазақ үйдің төрінде жетісулық күйшілер, әншілер және қарапайым тұрғындар шаңырақты домбыраның қоңыр үніне толтырды.

Алматы облысының әр өңірінен келген өнерпаздар, Сүйінбай атындағы филармонияның дәстүрлі әншілері қазақтың ән-жырын, терме-дастандарын, күйлерін орындап, жиналғанды ұлттық өнермен сусындатты. Ұйымдастырушылар тәулікке  созылған шараны Гиннестің рекордтар кітабына енгізуді көздеді. Бірақ рекордты ресми белгілейтін өкілдер домбыра кешіне келе алмады. 

Дегенмен оларға шараның толық бейнежазбасы жіберілетін болды. Елімізде тұңғыш рет қолға алынған ауқымды домбыра кешінде жетісулық өнерпаздардың белсенділігін атап өтуге болады. Таң атқанша көз ілмей тамылжыта төккен күйлері, әуезді әндері мен жыр-термелері үлкен лед экран арқылы көрсетілді. Ал кешке жиналған жұрт домбыра патиді әлеуметтік желідегі тікелей эфир арқылы бөлісіп отырды.

inform.kz 

 

Источник: khabar.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!