Талдықорғандық студенттер қоғамдық тәртіпті сақтау іс-шарасына қатысуда

12:33, 21 қыркүйек 2018
336

Талдықорған қаласындағы І. Жансүгіров атындағы Жетісу мемлекеттік университетінің студенттері тәртіп сақшыларымен бірлесіп, облыс орталығының қоғамдық орындарында тәртіп бұзудың алдын алу, қылмыстарды болдырмау мақсатында ұйымдастырылған рейдтерге белсенді түрде қатысуда, деп хабарлайды Zakon.kz облыстық ІІД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Рейдке полицейлер, ішкі әскер сарбаздары және қоғамдық белсенді студенттер жұмылдырылды. Аталған іс-шара 8 қыркүйектен бастап, үш айлық мерзімде жүргізілетін республикалық «Учаске» жедел алдын алу іс-шарасы аясында ұйымдастырылып отыр.

«Біздің бастамамызды қолдаған студенттерге алғысымды білдіремін. Сіздердің міндеттеріңіз – қоғамдық орындарда тәртіпбұзушылықты болдырмау, оның алдын алу. Дегенмен, сақтық шараларын ұмытпау қажет. Біз әкімдікке полицейлердің қоғамдық көмекшілеріне төлеу мақсатында бөлінген қаржы есебінен белсенділік танытқан студенттерге ақы төлеу туралы ұсыныс енгіземіз. Сондай-ақ, қоғамдық белсенді болып келіп, қазіргі таңда полицияда қызмет атқарып жүрген жастар көп. Ендеше, сіздердің қатарларыңыздан да тәртіп сақшылары шығады деп сенемін. Рейд барысында, ең алдымен, азаматтардың конституциялық құқығын сақтау қажеттілігін естен шығармаңдар», - деді өз сөзінде Алматы облысы ІІД Жергілікті полиция қызметінің бастығы полиция полковнигі М.Ә. Күштібаев.

Сонымен қатар, облыстық полиция Баспасөз қызметінің хабарлауынша, осындай шаралар желтоқсан айына дейін жалғасатын болады.


Telegram арнасындағы маңызды жаңалықтар «zakon.kz». Жазылу!

Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!