Талдықорғанда тұрмыстық зорлық-зомбылықты болдырмау бойынша қабылдау өтті

08:59, 25 маусым 2019
553

Алматы облысының тәртіп сақшылары "Отбасындағы зорлық-зомбылыққа жол жоқ!" республикалық акциясы шеңберінде облыс тұрғындарына ақпараттық-құқықтық түсіндіру жұмыстарын ұйымдастырды, деп хабарлайды Zakon.kz облыстық полиция департаментінің қызметіне сілтеме жасап.

Облыс орталығы-Талдықорған қаласындағы «Өтенай» ауылдық округінде ПД Жергілікті полиция қызметі басқармасының басшылығы жергілікті тұрғындарды қабылдап, полиция қызметіне қатысты өтініштері мен пікірлерін тыңдады.

Тұрмыстық зорлық-зомбылықтың алдын алу, жолын кесу, сондай-ақ ана мен баланы қорғау мақсатында ұйымдастырылған іс-шараға зорлық-зомбылық құрбандарына әлеуметтік көмек көрсету мамандары тартылды.

Қабылдауға келген тұрғындар отбасылық-тұрмыстық мәселелерді шешуде өскелең ұрпақтың, жастардың тәрбиесіне мән беру керектігін, "үйленудің оңай, үй болудың қиын" екенін айтып, ұлттық құндылықтарды дәріптеу қажеттігін атап өтті.

Полицейлер таратқан ақпаратқа сәйкес, 2019 жылы әлеуметтік орталықта 42 тұлғаға қызмет көрсетілген. Олардың 16 әйел, қалғаны – кәмелет жасына толмаған жасөспірімдер.

Сонымен қатар, жыл басынан бері облыстық полицейлер отбасылық-тұрмыстық құқық бұзушылықтың алдын алу мақсатында «Сіздің құқығыңыз қорғалады», "Әйел – отбасы шырағы" акциясы, "Тұрмыс", "Профилактика" жедел алдын алу іс-шараларын өткізді, түрлі әлеуметтік бейнероликтер әзірледі, отбасылық-тұрмыстық зорлық-зомбылықтың құрбаны немесе куәгері болған жағдайда негізгі іс-әрекеттер туралы арнайы ақпараттық құралдар дайындады.

Алматы облысында полицейлер отбасылық-тұрмыстық қатынаста 1963 құқық бұзушыға қатысты қорғау нұсқамасын шығарып, 401 ерекше талап орнатқан.


Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!