Талдықорғанда терминал ұрлап, ішіндегі ақшаны жұмсап үлгерген жігіт ұсталды

13:47, 22 мамыр 2020
539

Полиция қызметкерлері ұсталған азаматтан төлем терминалы мен ақшаның бір бөлігін тәркіледі, деп хабарлайды zakon.kz Алматы облысы ПД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

20 мамыр күні Талдықорған қаласының Шығыс ҚПБ-нің кезекші бөліміне ойын-сауық орталықтардың бірінде орналасқан төлем терминалының ұрланғандығы туралы хабар келіп түскен. Аталған дерек ҚР ҚК 188-б. 1-б. сәйкес СДТБТ-да тіркелді.

"Ізі суымай Сарқан ауданының 31 жастағы тұрғыны анықталып, ұсталды. Күдіктіден ұрланған терминал және сол аппараттан алынған жалпы сомадан қалған екі жүз мың теңгеден астам көлемдегі ақша тәркіленді. Күдікті ұрлық жасағанын толық мойындады. Терминалды жалғыз далаға шығарып алған ол, оны өзі тоқтатқан таксиге тиеп, жалдамалы пәтерге апарған. Такси жүргізушісіне терминалдың оның меншігі екенін және оны басқа жерге апаратынын түсіндіріп жеткізген. Жалдамалы пәтерде қолда бар құралдардың көмегімен терминалдың ақша салынған бөлігін сындырып, ақша сомасының көп бөлігін өз қажеттіне жұмсаған, ал қалған бөлігі тәркіленді", - деп хабарлайды Талдықорған қаласының полиция басқармасының бастығы Асқар Нурсапа.

Ұсталған азаматтың бұрын 2012 жылы қарақшылық жасағаны үшін сотты болғаны анықталды.ҚР ҚІЖК 128-бабына сәйкес күдікті уақытша ұстау оқшаулағышына қамаққа алынды. Енді ол бүлінген терминалдың және одан ұрланған ақшаның құнынан қалыптасқан залалды өтеуі қажет.


Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!