Талдықорғанда өзінен 11 жас кіші қызды қарата алмаған ер адам ұят әрекетке барды

15:56, 22 шілде 2021

© Сурет: ашық дереккөздерден алынды

Талдықорған тұрғыны бұрынғы сүйіктісінің бетін бері қарата алмай, ызаға булығып, оның ұят суреттерін әлеуметтік желіде жариялаған, деп хабарлайды zakon.kz.

23 жастағы бойжеткен бұл туралы полицияға 19 шілдеде шағымданған, оған сәйкес қылмыстық іс қозғалды, деп хабарлады Алматы облысының полиция департаменті.

"Жәбірленуші ер азаматпен 2020 жылы байланысын үзген. Алайда бұған көнбеген күдікті қыздың қыр соңынан қалмай қойған. Ең соңында ол бойжеткенді интим суреттеріңді желіге жариялаймын деп қорқытқан", - дейді Талдықорған қаласы ПБ басшысы Асқар Нұрсапа.

34 жастағы ер адам бұрынғы сүйіктісінің аккаунтын бірнеше рет бұзған. Ол оның атынан әлеуметтік желілерде парақшалар ашып, интим суреттерін жүктеген.

Талдықорған қаласының тұрғыны полицияға жеткізілді. Полиция бөліміне жеткізілген ол бар кінәсін мойындады. Полиция Қылмыстық кодекстің 147-бабының 4-бөлігі "Жеке баcқа қол сұқпаушылықты және Қазақстан Республикасының дербес деректер және оларды қорғау туралы заңнамасын бұзу" бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізіліп жатқанын хабарлады. Ер адам бес жылға дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін.


Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!