Талдықорғанда кәсіпкерлік бөлімінің шенділері парамен ұсталды

11:12, 30 шілде 2021

© Сурет: zakon.kz

Алматы облысы бойынша Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет мониторингтік топқа мүше болған Талдықорған қаласы әкімдігінің кәсіпкерлік бөлімінің лауазымды тұлғаларының сыбайлас жемқорлық әрекеттерінің жолын кесті, деп хабарлайды zakon.kz.

Осылайша, осы бөлімнің басшысы өзінің қарамағындағы бас маманмен сөз байласып, "Covid-19" коронавирустық инфекциямен күрес бойынша дағдарысқа қарсы шаралар кезінде адамдар көп жиналатын іс-шараларды ұйымдастыруға және өткізуге тыйым салынғанына қарамастан, қала рестораторлары мен жаппай сауда өкілдерінен оларға қатысты әкімшілік шаралар қабылдамау үшін жүйелі негізде 20 мыңнан 270 мың теңгеге дейін пара алған.

Сондай-ақ, жоғарыда аталған пара сомасын берген мейрамханалардың 5 әкімшісі қылмыстық жауапкершілікке тартылады.

Лауазымды адамдар уақытша ұстау изоляторына қамалды, бұлтартпау шарасын таңдау туралы мәселе шешілуде.

Тергеу жалғасуда.

ҚІЖК-нің 201-бабына сәйкес тергеу мүддесіне сай басқа да мәліметтер жария етуге жатпайды.


Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!