Талдықорғанда газ баллоны жарылып, ауруханаға түскен үш баланың бірі көз жұмды

Талдықорғанда газ баллон жарылысынан зардап шеккен 14 жастағы бала қайтыс болды. Оның денесінің 98 пайызы күйген болатын, деп хабарлады zakon.kz ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.
"Қазіргі таңда Талдықорған қалалық көпсалалы ауруханада жатқан 3 науқастың жағдайы өте ауыр. 2006 жылы туған бала қайтыс болды. Оның денесінің 98 пайызы күйген. Ол сағат 00:45 те жан тапсырды. Ал облыстық ауруханада жатқан екі науқастың жағдайы ауыр. Балалар ауруханасында жатқан 8 және 10 жастағы қыздардың жағдайы орташа ауыр", - деді Алматы облыстық Денсаулық сақтау басқармасы баспасөз қызметінің ресми өкілі Ләйлім Әубәкірова.
Айта кетейік, Талдықорғанға қарасты Еркін ауылында газ баллоны жарылысынан зардап шеккен 8 адамның алтауы жансақтау бөлімінде жатыр. Оларға Алматыдан санавиациямен жетекші травматолог-комбустиолог дәрігер жеткізілді. Ал оқыс оқиғаға куә болған тұрғын 8 және 10 жастағы қыздарды жанып жатқан үйден қалай құтқарғанын айтып берді. Төтенше жағдай қызметінің ресми мәліметі бойынша, газ балонымен тұрғын қойдың басын үйтіп жатқан, дұрыс жанбаған соң үйдегі пештің жанына баллонды жылытуға қойған. Артынша жарылыс болған.
Источник: zakon.kz
Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!
Тағы да оқыңыздар:
-
21:43, 15 қаңтар 2021
Нұр-Сұлтанда кафе мен мейрамханалардың жұмыс уақыты өзгертілді
-
21:33, 15 қаңтар 2021
Нұр-Сұлтанда сауда-ойын сауық орталықтары қалай жұмыс істейді
-
17:51, 15 қаңтар 2021
ШҚО-дағы шектеу шаралары 31 қаңтарға дейін ұзартылды
-
17:08, 15 қаңтар 2021
Тұңғыш Президент Кітапханасының директоры тағайындалды
-
17:04, 15 қаңтар 2021
Тоқаев дауыс беру кезінде қалыс қалған қос партияға қатысты пікір білдірді
Пікір