Талдықорғанда әйелді пышақтап, тонап кеткен күдікті ұсталды

09:37, 20 наурыз 2020
337

Сағат 07: 23 шамасында Талдықорған қаласының Шығыс полиция бөлімінің кезекші бөліміне Уәлиханов – Ізбасаров көшелерінің қиылысында 35 жастағы азаматшаға қарақшылық шабуыл жасалғаны туралы хабарлама келіп түсті, деп хабарлайды zakon.kz Алматы облысы ПД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Қаскүнем азаматшаның жамбасының төменгі бөлігіне пышақ жарақатын салып, оның косметика, құжат және төрт жүз мың теңгеден астам ірі ақша сомасы бар сөмкесін қолды қылған. Аталған дерек ҚР ҚК 192-бабы 2-бөлігінің 4-тармағы бойынша СДТБТ- да тіркелген.

Аз уақыт ішінде жедел уәкілдер ұрлық жасағаны үшін бұрын екі рет сотталған, белгілі бір тұрғылықты жері жоқ 34 жастағы ер адамды ұстады. Жәбірленуші мен қылмыс жасаған ауданда күдіктіні көрген куәгерлер азаматты таныды. Ұсталған азаматтың қылмыс жасамағаны туралы ұсынған айғақтары дәлелденбеді. Ол ұсынған куәгерлер қылмыс кезінде күдіктінің өздерімен бірге болғанын жоққа шығарып, керісінше жәбірленушінің бөксесінен алынған ас үй пышағын ерекше белгілері бойынша танып оны әшкереледі. Осыдан бір күн бұрын, күдікті олардың үйінен кеткеннен кейін пышақ жоғалған.

Күдікті ҚР ҚІЖК 128 бабына сәйкес уақытша ұстау оқшаулағышына қамаққа алынды.


Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!