Талдықорғанда блок бекеттер алынып тасталды

19:12, 26 қаңтар 2022

© Сурет: Zakon.kz

Талдықорған гарнизонының баспасөз қызметі қалада блок бекеттер өз жұмысын тоқтатқанын жария етті, деп хабарлайды Zakon.kz.

Алматы облысында террористік қауіп-қатердің "қызыл" деңгейінің күшінің жойылуына байланысты Талдықорғандағы блок бекеттер алынып тасталды. Қарулы Күштердің әскери қызметшілері тұрақты орналасу пункттеріне оралады, - делінген хабарламада.

Сонымен қатар, Тараз гарнизонының баспасөз қызметінің хабарлауынша, "Оңтүстік" өңірлік қолбасшылығының бөлімшелері Тараздың периметрі бойынша орнатылған блок бекеттерде қызмет атқаруын аяқтады.

Әскери қызметшілер күнделікті қалыпты міндеттері мен жоспарлы жауынгерлік оқуына оралады.

Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!