Талдықорғанда бір жыл бұрын салынған үйлер қирап жатыр

12:40, 5 мамыр 2021

© Сурет: видеодан кадр

Талдықорғандағы коттеджді қалашықтың сапасы жыл өтпей жатып, сыр беруде. Тіпті, қатты желге төтеп бере алмай, қасбеттері ажырап, түсе бастаған. Дәл қазір 5 бірдей үйдің өңі қашып, жан-жағы ашылып, шашылып жатыр. Бұл арендалық баспаналарды жергілікті әкімдік инвестордан 13-16 млн теңге аралығында бағалап, сатып алған екен. Ал, оның сапасына тұрғындардың көңілі толмайды. Өйткені, жылдап кезекте тұрып, әрең дегенде қол жеткізген үйіміз өзімізді басып қала ма деп қорқады, деп хабарлайды zakon.kz Еуразия бірінші арнасына сілтеме жасап.

Айгүл Қарабаланова, қала тұрғыны:

Түнгі кезде, жел соққан кезде, гүрс етіп құлады. Бала түгілі, үлкендер ар жақта жүрген кезде құласа, басып қалса, сұмдық қой. Газдың трубасы тұр. Газдың трубасына зияны келе ма деп тұрмын. Есіктері ашса, жабылмайды. Жапса, ашылмайды. Бір сөзбен айтқан кезде, сапасы төмен.

Коттеджді қалашықта салынып жатқан 620 үйдің құрылысына 8 млрд теңгеден аса қаржы бөлініпті. Осы күнге дейін 400-дей баспана қолданысқа берілген. Қалғаны жыл соңына дейін тапсырылады. Салаға жауаптылардың айтуынша, әр нысанның 2 жылдық кепілдік мерзімі бар. Сондықтан, алаңдауға негіз жоқ екенін алға тартуда. Яғни, тұрғын үйлер бойынша анықталған кем-кетіктер толығымен мердігер есебінен өтеліп, жөнделеді дейді.

Медет Мұхамеджанов, қалалық құрылыс бөлімінің басшысы:

"Техноснаб" ЖШС компаниясы қазіргі таңда келіп, коттеджді қалашықтағы кеткен ақауларды қалпына келтіру жұмыстарын бастады. Үйдің қаспетін сол сайдинг арқылы қалпына келтіреміз. Біраз жылға тұрады деп үміттенеміз. Договорға белгіленіп көрсетілген мерзім негізі 2 жыл деп. Егер сол 2 жылдың ішінде ешқандай нәрсесі бүлінбей, кейін бүлініп жатса, онда сол белгіненген фирмаға хабарлама жолданып, қалпына келтіріледі.


Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!