Талдықорғанда бір таксиші екіншісін қылқындырып, өлтіріп қоя жаздады

17:42, 11 мамыр 2021

© Сурет: Pixabay

Алматы облысында жол үстінде такси жүргізушілері төбелесті, деп хабарлайды zakon.kz.

Instagram-дағы taldykorganec.insta парақшасында жарияланған видеода бір ер адам екіншісін қылқындырып жатқаны бейнеленген.

Облыстық полицияның баспасөз қызметі төбелеске қатысушыларды анықтайтындықтарын атап өтті.

Талдықорған қаласының айналма жолында видеоға түсіп қалған такси жүргізушілері арасындағы оқыс оқиғаны Талдықорған полициясы тіркеді. Қазіргі уақытта жанжалдың себептерін анықтау бойынша шаралар қабылдануда, деп хабарлады құзырлы ведомства.


Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!