Талай қазақтың табысы әлі 100 мың теңгеге жетпейді

09:21, 20 сәуір 2021
248

© Сурет: unicef.org

2020 жылдың IV тоқсанында қазақстандықтардың жан басына шаққандағы атаулы ақшалай табысы орта есеппен 125,4 мың теңгені құрады. Түркістан облысы, Шымкент қаласы және Жамбыл, Алматы, Қызылорда облыстары сынды оңтүстік өңірлерде бұл көрсеткіш 100 мың теңгеге де жетпейді деп жазады ranking.kz, дейді kursiv.kz.

Бұл сома 2019 жылдың дәл осы кезеңімен салыстырғанда 12,9%-ға артық. Тауар мен қызмет бағасын ескерсек, халықтың ақшалай табысы нақты мәнде 5,2%-ға өскен. 2020 жылдың төртінші тоқсанында ҚР өңірлері арасында жан басына шаққандағы ең төменгі орташа атаулы ақшалай табыс 65,9 мың теңге (Түркістан облысы) болған. Ал ең жоғары атаулы табыс – 230,2 мың теңгені Атырау облысының тұрғындары алады.

Айта кететін жайт, Атырау облысы тұрғындарының кірісі биыл 2%-ға азайса, ал Түркістан облысында 7,4%-ға өсіпті. Жалпы, оңтүстік өңірлердергі жан басына шаққандағы ең төменгі атаулы ақшалай табыс 100 мың теңгеден аспайды. Түркістан облысынан кейін Шымкент қаласы (79,1 мың теңге), Жамбыл (86,5 мың теңге), Алматы (90,7 мың теңге) және Қызылорда (91,2 мың теңге) облыстары келеді.

Атырау облысынан бөлек, жан басына шаққандағы ең жоғары атаулы табыс Нұр-Сұлтан (192,9 мың теңге) мен Алматы (185 мың теңге) қаласына тиесілі. Атырау облысымен қатар, халықтың жан басына шаққандағы орташа табысы нақты мәнде Шымкент пен Батыс Қазақстан облысында азайыпты.

Биыл ақпан айында халықтың орта есеппен жан басына шаққандағы атаулы ақшалай табысы 122,4 мың теңгені құраған. Бұл 2020 жылғы ақпанмен салыстырғанда 11%-ға, 2021 жылғы қаңтармен салыстырғанда 0,1%-ға артық.


Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!