Такси жүргізушісі көпбалалы ананың ақшасын айыппұлдарын төлеуге жаратқан

15:00, 17 қаңтар 2020

Елордадағы такси жүргізушісі көлікке көп балалы ана байқаусызда тастап кеткен әмияндағы ақшаға айыппұлдарын төлеген, деп хабарлайды zakon.kz.

Нұр-Сұлтан қалалық полиция департаментінің хабарлауынша, жалғыз өзі төрт баланы тәрбиелеп отырған көп балалы ана баласының оқуының ақысын төлей қояйын деп таксиге отырған, бірақ ол қолындағы құжаттары мен әмиянын көлікте қалдырып кеткенін кейін білген.

"Әмиянда екі банк картасы болған, оның бірінде оқуға төлеуі керек ақша болыпты, ал әмиянда 70 мыңдай теңге болған", - дейді Қарлығаш Байтөленова.

Учаскелік полиция бөлімшесіне арызданғаннан кейін, полиция қызметкерлері бейнебақылау камераларын тексеріп, Қарлығаш мінген көліктің нөмірі мен жүргізушісінің аты-жөнін анықтады. Сөйтсе жүргізуші бөтеннің ақшасын қайтарып беру туралы ойы да болмапты. Керісінше, ол әмияндағы ақшаны жаратып үлгерген, оның бәріне айыппұлдарын төлеген, ал қалған заттарды лақтыра салыпты.

Полиция қызметкерлері такси жүргізушісі "заттарды тастадым" деп көрсеткен жерге барды. Әмиян бірден табылмады, бірақ жақын маңдағы азық-түлік дүкенінің біріне осы маңнан өткен адамның бірі оны қалдырып кетіпті, деп хабарлайды баспасөз қызметі.


Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!